20.09.2016, 15:45 3625

Түркістандықтар туризмді дамыту үшін шетелдіӊ озық тәжірибелерін қолданбақ

Осы салада жұмыстарды ширату үшін қаласыныӊ әкімі Иліпбек Өсербаев бастаған делегация Иран мен Изірбайжанға іссапармен барып қайтқан болатын.

Шымкент. 20 қыркүйек. Kazakhstan Today - Бұдан былай түркістандықтар туризмді дамытуда шетелдіӊ озық тәжірибелерін пайдаланады, деп хабарлайды Kazakhstan Today. Осы салада жұмыстарды ширату үшін қаласыныӊ әкімі Иліпбек Өсербаев бастаған делегация Иран мен Изірбайжанға іссапармен барып қайтқан болатын. Облыс әкімі Бейбіт Атамқұловтыӊ тапсырмасымен барған делегация сапары туралыТүркiстан қаласы әкiмiнiӊ кеӊесшiсi Жанболат Ибрагимов баяндап берді.

Оныӊ мәлімдеуінше, қазақстандық делегация алдымен Иранныӊ Исфахан қаласына барып, туристік нысандарын аралаған. 1 703 627 тұрғыны бар қалаға жылына 7 миллиондай турист келсе, оныӊ 850 мыӊын шетелдiктер құрайды. Шаһарда ХI-ХIХ ғасырлардағы Ислам архитектурасыныӊ ескерткiштерi бар. Үш жүз жылдан аса тарихы бар "Аббаси" сарайы ортағасырлық сәулетінмен-ақ қонақ үй және демалыс орны қызметін атқарып отыр екен.

Изірбайжан астанасы Бакудыӊ ішінде орналасқан Ичеришехир қаласында да үш дәуірді ғимараттары бір-бірімен үйлесім тауып тұр. Небәрi 22,1 гектар жерге шоғырланған жүз шақты тарихи ескерткіш табыс көзіне айналған. Мұндасаяхатшыларға мұражай, 18 қонақүй және жүздеген сауда қатары қызмет көрсетедi.

"Алдағы уақытта Түркiстан қаласында да ортағасырлық сәулеттi сақтай отырып құрылыс жүргізіп, туристердi қызықтыратын орындар салынбақ. Қаланы көгалдандыру, абаттандыру, аудиогид және түрлі сервистік қызмет көрсетуден үйренгеніміз көп болды. Қала әкімдігі түрлі жобаларды қолға алуды жоспарлап отыр", - дейді Ж.Ибрагимов.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны