25.07.2018, 23:36 4168

Түркістанға аумақтық органдардыӊ алғашқы департаменті көшті

Шымкент қаласында орналасқан аумақтық органдардыӊ бірі - Мемлекеттік кірістер департаменті облыс орталығы Түркістан қаласына алғашқылардыӊ бірі болып көшті бастады. Яғни, Түркістан қаласында бүгін ҚР Қаржы министрлігіне қарасты аумақтық органдарыныӊ өкілдігі ашылды.

Түркістан. 25 шілде. Kazakhstan Today - Шымкент қаласында орналасқан аумақтық органдардыӊ бірі - Мемлекеттік кірістер департаменті облыс орталығы Түркістан қаласына алғашқылардыӊ бірі болып көшті бастады. Яғни, Түркістан қаласында бүгін ҚР Қаржы министрлігіне қарасты аумақтық органдарыныӊ өкілдігі ашылды.

Ашылу салтанатына Түркістан облысыныӊ әкімі Ж.Түймебаев, ҚР Қаржы министрлігініӊ жауапты хатшысы Б.Тортаев, Түркістан облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментініӊ басшысы И.Тілегенов пен қала әкімі И.Өсербаев қатысты.

Салтанатты жиналысты облыс әкімі алғы сөзімен ашып, Елбасы Жарлығымен облыс орталығын Түркістан қаласына көшіру жұмыстары жоспарға сай жүргізіліп жатқанын тілге тиек етті. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасыныӊ Қаржы министрлігініӊ облыстық органдарыныӊ Түркістан қаласында өкілдіктерініӊ ашылуы берілген тапсырманы орындаудыӊ алғы шарттары екендігін атап өтті.

Заманауи құрылғылар арқылы көрсетілетін сапалы қызмет - бюджеттіӊ салық түсімін көбейтуге септігін тигізері анық. Мұнда жалпы 48 түрлі қызмет көрсетілсе, оныӊ 40-ы электронды түрде көрсетіледі. Мамандар "Бір терезе" қағидасы арқылы халыққа жылдам әрі сапалы қызмет етпек.

Жалпы облыс бойынша бүгінгі күнге дейін аталған мекеме арқылы халыққа 1 млн. 48 мыӊ қызмет көрсетілсе, оныӊ 941-і электронды түрде көрсетілген.

Сонымен қатар, ҚР Қаржы министрлігініӊ жауапты хатшысы Б.Тортаев, Түркістан облысыныӊ құрылуымен құттықтай келе, Қазақстан Республикасыныӊ Қаржы министрлігініӊ облыстық органдарыныӊ өкілділігін жаӊа облыс орталығында ашудыӊ негізгі мақсаты - мемлекеттік органдарды ғимараттармен қамтамасыз ету, орналастыру және көшіп келетін қызметкерлерге әлеуметтік жағдай жасауды үйлестіру жұмыстарын жүргізу екендігіне тоқталды.

Салтанатты түрде лента қию рәсімінен соӊ қатысушылар ғимаратта орналасқан өкілдіктердіӊ жағдайымен танысты.

Еске сала кетейік, жалпы Түркістан облысы бойынша Шымкент қаласында орналасқан 30 аумақтық мемлекеттік орган бар болса, келесі айдыӊ ішінде олардыӊ барлығы осында Түркістан қаласына көшпек. Ал әкімдікке қарасты облыстық 24 басқарма да келесі айда толығымен көшіп, жаӊа облыс орталығында өз жұмыстарын бастамақ.

Түркістан облысы әкімініӊ баспасөз қызметі

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны