12.09.2006, 13:08 2820

Түрлі конфессиялардың өкілдері діни форумды диалог орнатудың бір құралы деп есептейді - ЮНЕСКО ның бас директоры

АСТАНА. 12 қыркүйек. Kazakhstan Today. Түрлі конфессиялардың өкілдері әлемдік және дәстүрлі дін басшыларының съезін дінаралық диалог орнатудың құралы деп есептейді. Бұл туралы съезде сөйлеген сөзінде ЮНЕСКО бас директоры Коичиро Мацуура мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Мен осынша конфессия өкілдерін көргеніме қуаныштымын, олардың Астанаға келуі форумды дінаралық диалог орнатудың құралы ретінде есептейтіндіктерін дәлелдейді",-деді К.Мацуура. "ЮНЕСКО үшін осы елеулі оқиғамен ұштастырылуы үлкен мәртебе",-деп атап өтті ол.

К. Мацуура: "Біз (ЮНЕСКО) өз міндетімізді атқаратын кезде аталған форумның шешіміне жүгінетін боламыз",-деп мәлімдеді.

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанда "түрлі конфессиялардың тіршілік етуінің бірегей үлгісін жасаған" , -деп атап өтті ЮНЕСКО-ның бас директоры.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны