01.04.2011, 16:43 5175

Түсінде көзіне шөп салған әйелін қызғанған азамат оны ұрып өлтірген

Астрахан облысында түсінде көзіне шөп салған әйелін қызғанған азамат оны балтамен ұрып өлтірген, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Алматы. 1 - сәуір. Kazakhstan Today - Астрахан облысында түсінде көзіне шөп салған әйелін қызғанған азамат оны балтамен ұрып өлтірген, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Қайғылы оқиға 8-наурыздан кейінгі түнде болса да, күдіктіні тек кешелері ғана ұстау мүмкін болған. Қылмыскер 39 жасар Астрахан тұрғыны болып шықты.

Тергеу мәліметтеріне сүйенсек, түн ішінде оянған күдікті түсінде көзіне шөп салған әйелін қызғанып, оны ұйықтап жатқан жерде бірнеше рет балтамен ұрып өлтірген. Осыдан кейін жанына қайта жатып қалған. Таңертең оянған қызғаншақ күйеу әйелінің мәйітін жертөлеге тығып тастаған.

25-наурыз күні қаза болған әйелдің анасы қызының жоғалғандығы туралы полицияға хабар берген. Кейінірек әйелдің өлі денесі табылды.

Қылмысы дәлелденсе күдікті 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмікн.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны