04.05.2009, 15:09 2750

Тұтынушы Қазақстандағы Toyota ресми өкілін контрафакт қозғалтқышы бар автокөлік сатты деп айыптауда

"Сот сараптамасының қорытындысына сәйкес, Ларионова ханымға сатылған автокөліктің қозғалтқышының блогындағы сандар зауыт тәсілімен емес, қолдан салынған, ол зауытта жасалмаған...

Алматы. 4 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - "Toyota Camry 40"көлігін сатып алған Елена Ларионова есімді тұтынушы "Toyota центр Жетiсу" компаниясын контрафакт қозғалтқышы бар автокөлік сатты деп айыптауда. Бұл туралы ол бүгін Kazakhstan Today агенттігінің баспасөз орталығында өткен баспасөз мәслихатында мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

Е. Ларионованың түсіндіруінше, 2006 жылы ол "Toyota центр Жетiсу" автосалонынан "Toyota Camry 40" көлігін сатып алған, бірақ оның тізгініне отырмай жатып тауқыметтер туындаған. Ақауларды кетіру үшін Е. Ларионова "Toyota орталығына" 17 мәрте барған, бұдан кейін ол "кепілдік қызмет көрсету мерзіміндегі тауарды алмастыру жөніндегі міндеттемесін орындау туралы" шағым түсірген.

Кәсіпкерлер мен меншік иелерін қорғау жөніндегі одақтың төрағасы Василий Резванның айтуынша, "Toyota компаниясы, алайда, жабдықтарының су жаңалығына қарамастан, "Toyota Camry 40" көлігінің қозғалтқышының істен шығу себептерін анықтай алмаған". Оның хабарлауынша, "Toyota орталығына" тағы бір мәрте барған кезде Toyota көлігінен катализаторды алып тастаған, ал оған "аталған көлікті пайдалану жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес тыйым салынған".

"Ақыр соңында амалы таусылған Toyota компаниясы ("Toyota центр Жетiсу" мамандары) қозғалтқышты алып, сараптамаға берген", - деді В. Резван. Оның нақтылауынша, сараптаманы Ковалев есімді сот сарапшысы жүргізген, "ол судьямен бірге аталған автокөліктің тұрағына барып, автокөлікпен танысып, соттың шешімімен сот сараптамасын жүргізген".

"Сот сараптамасының қорытындысына сәйкес, Ларионова ханымға сатылған автокөліктің қозғалтқышының блогындағы сандар зауыт тәсілімен емес, қолдан салынған, ол зауытта жасалмаған, және ол көрген қозғалтқыштардың стандартына сай келмейтін болып шыққан", - деді В. Резван.

Оның хабарлауынша, бүгінгі күнге дейін аталған сараптамалық қорытындыға ешкім де қарсы шағымданған жоқ. "Сот осы сараптамалық қорытындыны ескере отырып, шешім шығарды. Сот сараптамасының заңды күші бар", - деді ол.

Сонымен бірге, В. Резванның айтуынша, сот "Toyota Tsusho Kazakhstan Auto" ЖШС-інен Е. Ларионованың пайдасына сот шығындарының өтемі ретінде 65 мың теңге өндіріп беруге шешім шығарған, бірақ "аталған ақша қаңтар айынан бері төленбей отыр".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны