10.06.2015, 18:01 3629

ТЖ департаментінде Қарағанды облысыныӊ ауылдары және ауыл аймақтарыныӊ әкімдеріне оқыту семинарлары өткізілді

Қарағанды облысыныӊ ТЖ департаментініӊ негізінде "Қарағанды облысыныӊ ауыл және ауыл аймақтарыныӊ әкімдері" дәрежесі бойынша оқыту өткізілді

Қарағанды. 10 Маусым. Kazakhstan Today - Қарағанды облысыныӊ ТЖ департаментініӊ негізінде "Қарағанды облысыныӊ ауыл және ауыл аймақтарыныӊ әкімдері" дәрежесі бойынша оқыту өткізілді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Қарағанды облысында көлемі 350 шаршы км жуық құрайтын 9 ауыл аймақтары бар, олардыӊ аймақтарында өндірістік, ауылшаруашылық нысандар орналасқан, 327 мыӊ тұрғындары өмір сүреді. Барлық аудандар Қарағанды облысына сай төтенше жағдайларға бейімделген.

Оқытуда азаматтық қорғаныс саласындағы нормативтік-құқықтық актілермен, бұйрықтар, ҚР Ішкі істер министрлігініӊ, ТЖ комитетініӊ нұсқамалықтарын қарастырды. Ауыл аймақтарыныӊ өткен су тасқыны кезіндегі жұмысына талдау жасалып, жергілікті атқарушы органдары ТЖ департаменті және оныӊ бөлімшелерімен бірлесе отырып жүргізген инженерлік қорғау, эвакуация жұмыстары бойынша мысалдар қарастырылды. Жергілікті атқарушы органдарыныӊ ҚР заӊнамасына сәйкес жазғы өрт қауіпті және суға шомылу маусымға арналған мәселелер талқыланды.

Сонымен қатар, әкімдерге Өрт сөндіру және авариялық-құтқару қызметініӊ өрт - техникалық орталығына экскурсия жүргізілді.

Қарағанды облысыныӊ ТЖД

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны