21.01.2020, 13:49 108000

"ҚТЖ" ҰК" АҚ Ақмола бөлімшесінің "Көкшетау-1" станциясының бастығына қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды

Ол өзінің орынбасарымен жұмыс орнында алкогольдік мас күйінде болу фактісінің анықталуына байланысты жұмыстан шығармау және жалпы қамқорлығы үшін осы станцияның қызметкерінен астыртын пара алғаны үшін күдікті деп танылды.

Алматы. 21 қаңтар. Kazakhstan Today - "ҚТЖ" ҰК" АҚ Ақмола бөлімшесінің "Көкшетау-1" станциясының бастығы сыбайлас жемқорлық күдігіне ілінді.

Ақмола облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі "ҚТЖ" ҰК" АҚ жүк тасымалы жолының Ақмола бөлімшесінің "Көкшетау-1" станциясының бастығына қатысты сыбайлас жемқорлық қылмысын жасау күдігі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Ол өзінің орынбасарымен жұмыс орнында алкогольдік мас күйінде болу фактісінің анықталуына байланысты жұмыстан шығармау және жалпы қамқорлығы үшін осы станцияның қызметкерінен астыртын пара алғаны үшін күдікті деп танылды.

Күдіктілер кінәсінің деңгейі туралы түпкілікті шешімді сот шығарады.

Видео: https://www.youtube.com/watch?v=Wbw3aNmqzoA&feature=youtu.be

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны