15.10.2019, 21:49 10559

"ҚТЖ "ҰК" АҚ Ақтөбе бөлімшесінің Шалқар жол дистанциясының бастығы 1 200 000 теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілініп отыр

Ол азаматтан оның ұлын жұмысқа орналастырғаны үшін жалпы сомасы 1 200 000 теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілініп отыр.

Нұр-Сұлтан. 15 қазан. Kazakhstan Today - "ҚТЖ "ҰК" АҚ Ақтөбе бөлімшесінің Шалқар жол дистанциясының бастығына жемқорлық қылмыс жасады деген айып тағылды.

Ақтөбе облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі "ҚТЖ "ҰК" АҚ филиалы Ақтөбе магистральдық желі бөлімшесінің Шалқар жол дистанциясының бастығына қатысты пара алды деген күдікпен сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Ол азаматтан оның ұлын жұмысқа орналастырғаны үшін жалпы сомасы 1 200 000 теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілініп отыр.

Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда, күдікті ұсталып, Ақтөбе қ. ПБ-ның УҰИ-ға (уақытша ұстау изоляторына) қамауға алынды.

Күдіктіге қатысты түпкілікті шешімді оның кінәсінің деңгейін анықтау арқылы сот қабылдайтын болады.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны