28.07.2015, 18:05 3423

ТЖ комитетінде 2015 жылдыӊ бірінші жартыжылдығы қорытындыланды

2015 жылғы 28 шілдеде Ішкі істер министрініӊ орынбасары В.К.Божконыӊ төрағалығымен "2015 жылдыӊ екінші тоқсанындағы ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетініӊ жедел қызметтік әрекетініӊ нәтижелері және үшінші тоқсанға қойылған міндеттері туралы" мәселесі бойынша жедел кеӊес өтті

Астана. 28 Шілде. Kazakhstan Today - 2015 жылғы 28 шілдеде Ішкі істер министрініӊ орынбасары В.К.Божконыӊ төрағалығымен "2015 жылдыӊ екінші тоқсанындағы ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетініӊ жедел қызметтік әрекетініӊ нәтижелері және үшінші тоқсанға қойылған міндеттері туралы" мәселесі бойынша жедел кеӊес өтті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Күн тәртібіндегі мәселе бойынша ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті төрағасыныӊ міндетін атқарушы өртке қарсы қызмет генерал-майоры С.Ғ.Иубәкіров баяндама жасады. "Бірінші жартыжылдықта Комитеттіӊ күштерімен 2 608 адам құтқарылып, 3973 адам ТЖ аймағынан эвакуацияланған, 3750 адамға алғашқы медициналық, зардап шеккен 466 адамға психологиялық көмек көрсетілген. Авриялық-құтқару жұмыстарына 25 500 шығу болып, нәтижесінде 6 136 өрт сөндірілген, 24,1 млрд. теӊгеніӊ материалдық құндылықтары аман алып қалынған", - деп атап өтті С.Ғ.Иубәкіров өз сөзінде.

Жоғары тиімділігін көрсеткен күрежол медициналық-құтқару бекеттерініӊ қызметшілері ЖКО-на 713 шығу жасады, 2 426 зардап шеккен адамға медициналық көмек көрсетілді және 608 адам ауруханаға жатқызылды. Күрежол бекеттеріне тиесілі аумақтарда өлім көрсеткіші 12 %-ды құрап, олардыӊ қызметі ел автожолдарындағы зардап шегушілердіӊ санын төмендетуде тағы да жоғары тиімділік көрсетіп отыр. Аталған жұмыстар аясында жол-патрульдік қызметпен өзара әрекеттесу ретке келтірілген.

Құтқару авиациясымен 400 ұшу жүзеге асырылып, 2165 науқас тасымалданған, 39 кеӊес жүргізіліп, 8 жедел операция жасалды.

Жалпы есептік кезеӊде республика бойынша табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ саны 13,1 %, ал зардап шеккендердіӊ саны 5,6% төмендегені байқалады.

Жедел қызметтік әрекеттіӊ нәтижелері бойынша Ақмола, Жамбыл, Қарағанды, Оӊтүстік Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстары ТЖ департаменттерініӊ бастықтары тыӊдалды.

Жиын қорытындысы бойынша төтенше жағдайларды барынша және оларда адамдардыӊ қайтыс болуын азайту, жедел қызметтік әрекетті жетілдіру туралы тиісті тапсырмалар берілді.

ҚР ІІМ ТЖ комитетініӊ
Мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасы

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны