01.09.2006, 17:05 3653

"Уақф әл-Исләми" діни ұйымы Бейбітшілік және келісім сарайының діни кітапханасына тарту жасады

АСТАНА. 1-қыркүйек. Kazakhstan Today . Илемдік және дәстүрлі діндер жетекшілерінің ІІ съезі қарсаңында Сауд Арабиясында орналасқан "Уақф әл-Исләми" ("Исламның қайырымдылық мүліктері") атты діни ұйымы Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайының діни кітапханасына ислам діні және араб тілін оқытуға қатысты кітаптар мен компакт-дискілерді сыйға тартты, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі ҚР СІМ-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Беделді ислам ұйымдарының бірі болып саналатын "Уақф әл-Исләмидің" аталған басылымдарды Қазақстанға сыйға беруін еліміздің әлемдік діндердің рухани және инабаттылық әлеуетін пайдалануға бағытталған конфессиялар аралық сұхбат орнатудағы күш-жігерін қолдайтындығының айқын белгісі деп бағалауға болады", дейді баспасөз қызметі.

Осыған дейін Қасиетті Меккеде орналасқан Дүниежүзілік Ислам Лигасы мен Мұсылман жастары Ассамблеясы аталған кітапханаға сый ретінде Ислам дініне, оның тарихы және қоғамдағы рөліне қатысты кітаптар мен басқа да басылымдар берген болатын.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны