11.10.2017, 15:45 4575

"Уақып" қоры банктермен және меценаттармен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

"Дін жолында "сауапты іс" жасау үшін тек қана мешіт салу міндетті емес. Қоғам үшін пайдалы болып есептелетін кез-келген игілікті істі жасауға болады. Оныӊ ішінде мектептер, ауруханалар, жол салу, көпір салу секілді қоғамға пайдалы кез келген іс сауапқа жатады....

Астана. 11 қазан. Kazakhstan Today - 4 қазан күні, Астана қаласында Қазақстандық "Уақып қоры" корпоративтік қайырымдылық қорыныӊ таныстырылымы болып өтті. Шараға ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев, Қазақстанныӊ Бас Мүфтиі, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасыныӊ төрағасы Ержан Малғажыұлы, мемлекеттік органдар мен бизнес қауымдастықтардыӊ өкілдері қатысты.

Шара барысында ҚР Дін істері және азаматтық министрі, "Уақып" қайырымдылық қоры Қамқоршылар кеӊесініӊ төрағасы Нұрлан Ермекбаев сөз сөйледі. Оныӊ айтуынша, Қазақстанда игілікті,сауапты істер жасауға ниетті адамдардыӊ қатары көбейіп келеді.

"Дін жолында "сауапты іс" жасау үшін тек қана мешіт салу міндетті емес. Қоғам үшін пайдалы болып есептелетін кез-келген игілікті істі жасауға болады. Оныӊ ішінде мектептер, ауруханалар, жол салу, көпір салу секілді қоғамға пайдалы кез келген іс сауапқа жатады.....Қордыӊ жұмысы аталған мәселені шешуге бағытталған. Ол қайырымдылық жасау жолындағы істерді тиімді жүйеге салуға үлес қосады. Еӊ бастысы - бәрі ашық және қоғам үшін пайдалы болуы тиіс", - деп атап өтті Нұрлан Ермекбаев.

Қордыӊ қаражаты діни ғимараттар мен әлеуметтік нысандарды салуға, діни қызметкерлер мен кедейлерге, жұмыссыздар мен мүгедектерге қолдау көрсетуге арналған жобаларды іске асыруға бағытталған.

Н. Ермекбаевтыӊ айтуынша, мұндай мекемелер қайырымдылық жасау дәстүрлері қалыптасқан көптеген елдерде кеӊ таралған. "Вакф" Институты мұсылман елдерініӊ халықтары арасында кеӊінен қолданылады, сондай-ақ арнайы құрылған"Вакф" министрліктері де жұмыс істейді.

Аталған жүйе қазірдіӊ өзінде Таяу Шығыстағы ислам елдерінде ғана емес, сонымен қатар зайырлы мемлекеттерде де жүзеге асырылуда. Мысалы, Ресей Федерациясыныӊ кейбір өӊірлерінде, Қырғызстан мен Түркияда бар.

Іс-шара соӊында "Уақып" Қоры мен "Аль Сакр Финанс" АҚ, "Астана Банкі" АҚ арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумдар бекітілді, бұдан бөлек, меценаттар қайырымдылық көмек көрсетуге уағдаласты.

Естеріӊізге сала кетейік, "Уақып" Қоры бұл дәстүрлі және адамгершілік құндылықтарды қолдауға бағытталған діни радикализм мен фанатизмді болдырмауды, әлеуметтік жобаларды қаржыландыруды, білім беру және тәрбиелік қызметті қаржыландыруға, діни қызметкерлердіӊ жұмысыныӊ тиімділігін арттыруға және діни институттардыӊ қызметін қолдауға бағытталған коммерциялық емес қайырымдылық ұйым болып табылады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны