03.08.2017, 20:23 4328

"Уақып" қоры ел азаматтарын сауапты іске шақырды

Қордыӊ мақсат-міндеттері туралы ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев баяндады

Астана. 3 тамыз. Kazakhstan Today - 2017 жылдыӊ мамыр айында "Уақып" корпоративтік қайырымдылық қоры құрылды. Қордыӊ қызметі коммерциялық емес қайырымдылық ұйым ретінде әлеуметтік жобаларды қаржыландырады. Білім-ағартушылық шараларды жүргізуге, сонымен қатар, діни бірлестік қызметкерлерлері жұмысыныӊ тиімділігін көтеру және діни мекемелердіӊ қызметін қолдауға бағытталады. Қордыӊ мақсат-міндеттері туралы ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев баяндады деп хабарлайды www.ortcom.kz.

Орталық коммуникациялар қызметінде министрдіӊ қатысуымен "Уақып" корпоративтік қайырымдылық қорыныӊ құрылуы туралы" баспасөз-конференция өтті. Оған Қазақстан діни мұсылмандар басқармасыныӊ наиб-муфтиі Наурызбай Өтпенов және "Уақып" корпоративтік қайырымдылық қорыныӊ президенті Қайрат Айтбай қатысты.

Қордыӊ құрылтайшылары ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігініӊ Халықаралық діндер және мәдениеттер орталығы және Дін мәселелері жөнінде талдау және ғылыми-зерттеу орталығы болып табылады.

Қорды құру барысында бірқатар мұсылман елдерініӊ және Бельгия, Ресей сияқты елдердіӊ тәжірибелері алынған. "Уақып" қорыныӊ қызметі келесі міндеттерді шешуге бағытталған:

Елдегі бейбітшілік пен тұрақтылықты қамтамасыз етуге үлес қосу;

Тұрғындардыӊ әлеуметтік аз қамтылған тобы мен мүмкіндігі шектеулі азаматтарға көмек көрсету;

Балалар мен жастардыӊ физикалық және интеллектуалдық дамуын қолдау;

Діни радикализм мен экстремизмніӊ алдын-алу;

Мамандардыӊ біліктілігін көтеру және шалғайда орналасқан діни бірлестіктердіӊ әлеуметтік мәселелерін шешу ,- деді "Уақып" корпоративтік қайырымдылық қорыныӊ президенті Қайрат Айтбай. Осы аталған міндеттерді атқаруда елдіӊ азаматтарын сауапты іс жасауға шақырып, қордыӊ жұмысын дамытуға үндеді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны