08.06.2015, 11:27 5807

ҰБТ: 6 күн ішінде 100 балдан жоғары нәтижені 14133 түлек алды

Ұлттық бірыӊғай тестілеудіӊ 6 күнніӊ қорытындысы шықты. Өтініш берген түлектердіӊ 94,3 пайызы сынаққа қатысып, тиісінше өз бағаларын алды. Республика бойынша маусымныӊ 2-сі мен 7-і аралығында ҰБТ 165 бекетте өтті

Астана. 08 Маусым. Kazakhstan Today - Ұлттық бірыӊғай тестілеудіӊ 6 күнніӊ қорытындысы шықты. Өтініш берген түлектердіӊ 94,3 пайызы сынаққа қатысып, тиісінше өз бағаларын алды. Республика бойынша маусымныӊ 2-сі мен 7-і аралығында ҰБТ 165 бекетте өтті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Тестілеуге 80 980 түлек қатысқан. Олардыӊ орта балы 79,5. 50 балдық шекті деӊгейден 65 947 түлек өтті. Яғни тестке қатысқандардыӊ 81,4 пайызы жоғары оқу орындарыныӊ конкурсына қатыса алады. 100 балдан жоғары нәтижеге 14 133 түлек қол жеткізген. Бұл жалпы түлектердіӊ 17,5 пайызы, деп хабарлайды khabar.kz тілшісі.

Ал еӊ жоғарғы 125 балға республика бойынша 5 оқушы ие болған. Салыстыра кетсек, мұндай нәтижеге 2014 жылы мектеп бітірушілердіӊ 4-еуі ғана ие болған.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны