22.07.2008, 18:26 2919

ҰБТ алдында арнайы қызметкерлер мектеп оқушыларын металл іздейтін құралдарсыз жалаң қолмен тексерген

ҰБТ алдында арнайы қызметкерлер мектеп оқушыларын металл іздейтін құралдарсыз жалаң қолмен тексерген

Алматы. 22 шілде. "Қазақстан Бүгін" - ҰБТ алдында арнайы қызметкерлер мектеп оқушыларын металл іздейтін құралдарсыз жалаң қолмен тексерген. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне Алматы қаласының ата-аналарының атынан Марианна Гурина хабарлады.

"ҰБТ басталар алдында балаларымызды аудиторияларға жіберіп отырған күзетшілер оларды тексерген болатын. Олардың ұялы телефон ба, шпаргалка ма, әйтеуір, не іздегенін білмеймін. Қалай дегенмен олар қыздарды еш ар-ұятсыз тексерді. Сол арқылы олар балаларымыздың ашуы мен наразылық тудырды", - деп мәлімдеді М. Гурина.

Сонымен қатар, оның айтуынша, "біреу дәретханаға рұқсат сұраған кезде оны да тексерген. Дегенмен, кейіннен балаларымыз күзетшілермен жақсы қарым-қатынас орнатып алып, 3 мың теңгеге дәретханада еш саспастан отырып алып, біреулермен сөйлесу арқылы жауап іздей алды", - деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны