23.06.2008, 19:37 3300

ҰБТ қорытындысы бойынша "Алтын белгіден" үміткерлердің 25 пайызы алған білімдерін ақтап шықты

ҰБТ қорытындысы бойынша "Алтын белгіден" үміткерлердің 25 пайызы алған білімдерін ақтап шықты

Астана. 23 маусым. "Қазақстан Бүгін" - ҰБТ қорытындысы бойынша "Алтын белгілден" үміткерлердің 25 пайызы алған білімдерін ақтап шықты. Бұл туралы бүгін баспасөз мәслихатында ҚР білім және ғылым министрі Жансейіт Түймебаев мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"3212 үміткердің ішінде 767 түлек "Алтын белгіге" лайықты білімдерін ақтап шықты", - деді министр. Бұл ретте ол "Алтын белгіге" үміткер 226 түлек "Алтын белгіні" алуға мүмкіндік беретін көрсеткіштен 1 балл кем жинағанын атап көрсетті.

Осыған байланысты министрлік оқу озаттарын қолдау мақсатында ҰБТ сертификатының "өте жақсы" деген баға көрсеткішін жалпы орта білім туралы аттестаттың бағасына ауыстыру кезінде 1 баллға төмендету туралы шешім қабылдады.

Яғни, өз білімдерін ақтау үшін 1 балл жетпей қалған оқу озаттарына "Алтын белгі" табыс етілетін болады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны