09.06.2014, 22:23 26844

ҰБТ қорытындысы бойынша Қазақстан көлеміндегі орташа балл 76,8 құрады

100 балдан жоғары алған мектеп бітірушілердің саны 11 242 (14,6%). 2013 жылы - 9 204 (11,2 %). ҰБТ-ға жоғары әрі жүйелі дайындықтың арқасында биылғы түлектердің нәтижелері 2013 жылмен салыстырғанда 2,1 балға артты.

Алматы. 9 маусым. Kazakhstan today. Білім және ғылым министрлігі ҰБТ 4 күнінің қорытындысы, яғни 2014 жылғы 02-05 маусым аралығындағы нәтижелерді жариялады.

Төрт күн ішінде ҰБТ 155 пункте өткізілді. ҰБТ-да 76 948 түлек сынақ тапсырды. Ережені бірнеше рет бұзғаны үшін 26 сынақ тапсырушы аудиториядан шығарылды.

Аудиторияға кіреберісте 37 773 рұқсат берілмеген заттар тәркіленді (ұялы телефондар, шпаргалкалар, калькуляторлар, фотоаппараттар, блютуздер, сканерлер, рациялар, кеңсе пышағы).

Қазіргі таңда орташа балл - 76,8. 2013 жылы - 74,7 балл. Шекті 50 балды жинай алмағандардың саны - 17 811 (23,1 %). 2013 жылы - 23 778 (29 %).

Ең жоғары көрсеткішке 2 түлек қол жеткізді: Алматы қаласындағы №178 лицейдің түлегі Ибдіжапар Айғаным Бахытқызы; Алматы қаласындағы Ы. Алтынсарин атындағы №159 лицейдің түлегі Марат Исия Жандосқызы.

100 балдан жоғары алған мектеп бітірушілердің саны 11 242 (14,6%). 2013 жылы - 9 204 (11,2 %).

ҰБТ-ға жоғары әрі жүйелі дайындықтың арқасында биылғы түлектердің нәтижелері 2013 жылмен салыстырғанда 2,1 балға артты.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны