10.06.2010, 15:17 4458

ҰБТ көзбояушылық жекелеген мектептер немесе мұғалімдер үшін ғана емес, мемлекет үшін де қажет - пікір

"Математика пәнін жақсы игерген, бұрындары осы пән бойынша 25 сұрақтың 25-не толық дұрыс жауап беріп тұрған екі оқушы БҰТ 20 балл ғана жинаған. Себебін сұрағанда, олар - мұндай шуылдақта жұмыс істеп әдеттенбегенбіз, айналаңда телефон арқылы кеңес алып жатқандар, сонымен қатар сені алаңдатушылар да көп, деп жауап берген",- дейді Д. Ганелин.

Алматы. 10-маусым. Kazakhstan Today - ҰБТ көзбояушылық жекелеген мектептер немесе мұғалімдер үшін ғана емес, мемлекет үшін де қажет. Павлодарлық педагог Давид Ганелин "Время" газетінде жарық көрген хатында осындай пікірін білдірген, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігі.

"Математика пәнін жақсы игерген, бұрындары осы пән бойынша 25 сұрақтың 25-не толық дұрыс жауап беріп тұрған екі оқушы БҰТ 20 балл ғана жинаған. Себебін сұрағанда, олар - мұндай шуылдақта жұмыс істеп әдеттенбегенбіз, айналаңда телефон арқылы кеңес алып жатқандар, сонымен қатар сені алаңдатушылар да көп, деп жауап берген",- дейді Д. Ганелин.

"Ирбір пән бойынша мұғалімдер жиналып алып телефон арқылы кеңес береді. Бұл әрбір мектепте болып жатқан оқиға. БҰТ барысында қаласаң барлық қолдауларды табуға болады, бірақ бұлар құрықталмайды. Осыдан келесідей қорытынды жасауға болады: барлығы жоғарыдан ұйымдастырылған. Көзбояушылық жекелеген мектептер немесе мұғалімдер үшін ғана емес, мемлекет үшін де қажет", деп санайды мұғалім.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны