Система Orphus

ҰБТ нәтижелері тұңғыш рет оқушылардың білім деңгейінің шын бейнесін көрсетті - Түймебаев

10.06.2008, 18:55 7648

Астана. 10 маусым. "Қазақстан Бүгін" - 2008 жылғы Ұлттық бірыңғай тест нәтижелері тұңғыш рет оқушылардың білім деңгейінің шын бейнесін көрсетті. Бұл туралы бүгін сенат депутаттарымен кездесу барысында ҚР білім және ғылым министрі Жансейіт Түймебаев мәлімдеді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Түлектердің 38,5% - "қанағаттанарлық", 56% - "жақсы", 6,5% - "өте жақсы" деген бағаға жауап берді. Бұл бүкіл әлемде бар қалыпты көрініс. Мұның ешбір жамандығы жоқ", - деп есептейді ол.

Министр биыл шағымдар негізінен Алматы қаласынан түскенін атап көрсетті. Атап айтқанда, жауаптардың екі нұсқасына байланысты техникалық қателіктер байқалған. Алайда, бұл қателік қысқа уақыт ішінде жойылған.

Ж. Түймебаев қазіргі уақытта аппеляцияны қарастыру әлі жүріп жатқанын хабарлады. "Бүгін 319 шағым бар. Барлығы да қарастырылуда", - деп атап көрсетті ол. Бұл ретте министр аппеляцияларды қарастыру 20 маусымға дейін ұзартылғанын еске салды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

При использовании информации, гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.

Комментарии

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны