07.06.2013, 11:07 2869

ҰБТ өткізілген 4 күнде қазақстандық түлектердің 30%-ға жуығы шектік балл ала алмады

Ұлттық тестілеу орталығының хабарлауынша, маусымның 3-і мен 6-ы аралығында өткізілген тестілеуге 81931 бітіруші қатысты, оның 23 778 немесе 29% шектік балл ала алмады.

Астана. 7-маусым. Kazakhstan Today - Қазақстанда ұлттық бірыңғай тестілеуді (ҰБТ) өткізудің 4 күнінің қортындысы бойынша 23 мыңнан астам түлек шектік балл ала алмады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Ұлттық тестілеу орталығының хабарлауынша, маусымның 3-і мен 6-ы аралығында өткізілген тестілеуге 81931 бітіруші қатысты, оның 23 778 немесе 29% шектік балл ала алмады.

Сонымен қатар, бес пән бойынша 9 204 түлек немесе 11,2% 100 балдан артық жинады.

Айта кету керек, ең жоғары нәтиже 125 балды тестілеуге қатысқан үш түлек жинады: Исел Айткенова, Аида Искак, Ботагөз Құспанғалиева.

ҰБТ өткізу ережелеріне және бекітілген кестеге сәйкес, 2013 жылы тестілеу маусымның 3-і мен 9-ы аралығында өткізіледі. Ағымдағы жылы қорытынды аттестаттауды ҰБТ түрінде тапсыруға 99565 бітіруші тілек білдірген, оның ішінде: 68316 бітіруші қазақ тілінде, 31249 бітіруші орыс тілінде. 2012 жылы тестілеуге 121059 өтініш берілген, оның ішінде қазақ тілінде 82383 бітіруші, орыс тілінде 38676 бітіруші.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны