13.05.2014, 20:52 2208

ҰБТ тапсыруға 3,5 мың елордалық түлек өтінім берді

Астанада өткен айдың соңында мектеп оқушыларынан Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысуға өтінімдер қабылдау аяқталды.

Алматы. 13 мамыр. Kazakhstan today. Астанада өткен айдың соңында мектеп оқушыларынан Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысуға өтінімдер қабылдау аяқталды.

Осы уақыт ішінде оқытушылар әр баламен қорытынды аттестациялаудан өту үлгісін таңдау бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Қазақстандық оқушыларға ҰБТ немесе мемлекеттік емтихан тапсыру құқығы беріледі. Соңғы мәліметтерге сәйкес, биыл 4042 түлек мектеп бітірсе, соның ішінде "Алтын белгіге" үміткер 143 бала тестілеуге қатысады, қалған 454-і өз еркімен тест тапсырудан бас тартты, деп Астана қаласы әкімдігінің ресми порталы хабарлады.

ҰБТ тапсыру уақыты жақындағанда бұл көрсеткіш азаюы мүмкін, өйткені, халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар байқауларына қатысқан оқушылар ҰБТ тапсыратындардың мәліметтер базасына енгізілмейді.

Еске салайық, Ұлттық бірыңғай тестілеу алғаш рет 2004 жылы өткізілді. Содан бері оған 1,3 млн-нан астам түлек қатысқан.

Қазіргі кезде оқушылар кем дегенде 50 балл, ал ұлттық ЖОО-ға түсу үшін 70 балл (қазақ мектептері үшін орыс тілі және орыс мектептері үшін қазақ тілі пәні ескерілмейді) жинау керек.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны