08.06.2016, 13:14 3987

ҰБТ-діӊ 6 күнініӊ қорытындысы бойынша тағы 2 түлек еӊ жоғары балл жинады

ҰБТ-діӊ алты күнінде мүмкін болған 125 балды 19 бітіруші жинады, деп хабарлайды ҚР Білім және ғылым министрлігі

Астана. 8 маусым. Kazakhstan Today - ҰБТ-діӊ алты күнінде мүмкін болған 125 балды 19 бітіруші жинады, деп хабарлайды ҚР Білім және ғылым министрлігі, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Ведомствода мәлімдегендей, бүгінгі күнге дейін ұлттық бірыӊғай тестілеудіӊ алтыншы күні өткізілді, деп хабарлайды primeminister.kz тілшісі.

"2-7 маусым аралығында өткізілген тестілеуге 81990 бітіруші қатысты, соныӊ ішінде қазақ тілінде - 59832, орыс тілінде - 22158 бітіруші. Тестілеудіӊ алты күнінде мүмкін болған 125 балды 19 бітіруші жинады", - деп мәлімдеді ведомствода.

Тестілеу алтыншы күні 10 ҰБТ өткізу пунктініӊ базасында өткізілді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны