10.06.2016, 17:03 5083

ҰБТ-діӊ сегізінші ағымында бір де бір түлек 125 балл жинаған жоқ - БҒМ

Алдын ала нәтижелерге сәйкес ҰБТ-діӊ сегізінші ағымында түлектердіӊ ешқайсысы жоғары балл жинай алмады, деп мәлімдейді ҚР Білім және ғылым министрлігі

Астана. 10 маусым. Kazakhstan Today - Алдын ала нәтижелерге сәйкес ҰБТ-діӊ сегізінші ағымында түлектердіӊ ешқайсысы жоғары балл жинай алмады, деп мәлімдейді ҚР Білім және ғылым министрлігі, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"50 балдық шектік деӊгейден 12 түлек (4,7%) өте алмады. 125 балды ешкім жинаған жоқ. 100 балдан астамды 59-ы (23%) жинады", - делінген ведомство хабарламасында.

БҒМ мәліметінше, ҰБТ сегізінші ағымына 281 өтінім берген түлектіӊ 255-і (72,6%) қатысты, соныӊ ішінде қазақ тілінде - 204, орыс тілінде - 51 бітіруші. Орташа балл 88,5 құрады.

"ҰБТ 1 пунктте өткізілді, жалпы ұйымдасқан түрде өтті. 184 тыйым салынған зат тәркіленді", - деп мәлімдеді ведомствода.

Естеріӊізге салсақ, Қазақстанда ҰБТ-2016 2-нен бастап 10 маусымға дейін өтуде.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны