03.05.2013, 10:52 17956

ҰБТ-ға 2013 жылы қазақстандық мектеп бітірушілердің 72% қатысады

Қазақстанда ҰБТ-ға қатысуға 99560 мектеп бітіруші тілек білдірді, ол мектеп бітірушілердің жалпы санының 72%-н құрайды, деп хабарлады ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі.

Астана. 3-мамыр. Kazakhstan Today - ҰБТ-ға 2013 жылы қазақстандық мектеп бітірушілердің 72% қатысады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Қазақстанда ҰБТ-ға қатысуға 99560 мектеп бітіруші тілек білдірді, ол мектеп бітірушілердің жалпы санының 72%-н құрайды, деп хабарлады ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі.

"Қалыптастырылған "Бітіруші" деректер базасына сәйкес, ағымдағы жылы ҰБТ-ға қатысуға 99560 мектеп бітіруші тілек білдірді, ол мектеп бітірушілердің жалпы санының 72%-н құрайды, оның ішінде 68315 қазақ тілінде, 31245 орыс тілінде", - делінген ведомство мәлімдемесінде.

Сонымен қатар, деректер базасын қалыптастыру нәтижелерінің негізінде жақын арада Ұлттық тестілеу орталығында тестілеу күндері мен ҰБТ өткізу пункттері бойынша ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу кестесі жасалып, тестілеуді өткізу үшін қажетті емтихан материалдарын дайындау жұмыстары жүргізіледі.

ҚР БҒМ мәліметі бойынша 2012 жылы ҰБТ-ға мектеп бітірушілердің 78% немесе 121 мың адам қатысқан.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны