20.04.2010, 12:21 1497

Иділет министрі сотталғандарды түзеу мекемелерінен ауыстырудың қолданыстағы тәртібінің тиімділігін зерделеуді тапсырды

Министр өз сөзінде: "бүгінде бұл мәселені құқықтық регламенттеуде сыбайлас жемқорлыққа жағдай жасайтын ауытқу бар. Сондай-ақ, нәтижесінде ауыр және аса ауыр қылмыс жасаған қылмыскерлердің "ірілері" тағайындалған мерзімнің жартысын немесе одан да азын өтеп, қонысқа ауыстырылады. Бұл кезде қылмыскердің сот тағайындаған мерзімді өтемей, бостандықта қыдырып жүргенін көрген сол қылмыстан зардап шеккен адамдардың мүддесі ескерілмейді",- деп атап көрсетті.

Астана. 20 сәуір. Kazakhstan Today - Иділет министрі сотталғандарды түзеу мекемелерінен ауыстырудың қолданыстағы тәртібінің тиімділігін зерделеуді тапсырды, деп хабарлайды Kazakhstan Today Қазақстан Республикасы Иділет министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, бүгін Иділет министрі Рашид Түсіпбековтың төрағалық етуімен пенитенциарлық жүйенің ағымдағы жылғы 1-ші тоқсандағы жұмысының қорытындысы талқыланып, аталмыш саладағы проблемалар мен оларды шешу жолдары қаралған отырыс болып өтті.

Кеңес жұмысында комитеттің басшылығы мен аумақтық бөлімшелердің бастықтары, "Еңбек" Республикалық мемлекеттік кәсіпорнының өкілдері қатысты.

Кеңесте сотталғандарды шартты түрде мерзімінен бұрын босату кезіндегі заңдылықтың жай-күйі, медициналық қызметтің жұмысын ұйымдастыру, қылмыстық-атқару жүйесіндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың тиімділігі және басқа да өзекті мәселелер талқыланды.

Иділет министрі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің басшылығына қылмыстық-атқару жүйесі қызметкерлеріне атақ беру, лауазымға қабылдау және тағайындау мәселесінде айқындылық пен шынайылықты қамтамасыз ете отырып, кадр жұмысын мұқият регламенттеуді тапсырды.

Сонымен қатар сотталғандардың шартты түрде мерзімінен бұрын босату және тағайындалған жазаны жеңілдету үшін өтінішпен сотқа дербес әрі тікелей жүгінуін көздейтін заң жобасын әзірлеу процесін тездетуге тапсырма берді. Сот тәртібі аталған мәселелер бойынша қабылданған шешімдердің шынайылығы мен айқындылығын арттыруға мүмкіндік береді.

Иділет министрінің айтуынша, бас бостандығынан айыру орындарындағы адамдарға медициналық қызмет көрсету сапасын арттыру, сондай-ақ медициналық қызметкердің мекеме әкімшілігіне қызметтік тәуелсіздігін жою мақсатында медициналық қызметті Денсаулық сақтау министрлігінің қарауына беру мәселесін шешкен жөн.

Сонымен қатар, Рашид Түсіпбеков қоныс-колониялары жұмысының және оларға сотталғандарды түзеу мекемелерінен ауыстырудың қолданыстағы тәртібінің тиімділігін зерделеуді тапсырды.

Министр өз сөзінде: "бүгінде бұл мәселені құқықтық регламенттеуде сыбайлас жемқорлыққа жағдай жасайтын ауытқу бар. Сондай-ақ, нәтижесінде ауыр және аса ауыр қылмыс жасаған қылмыскерлердің "ірілері" тағайындалған мерзімнің жартысын немесе одан да азын өтеп, қонысқа ауыстырылады. Бұл кезде қылмыскердің сот тағайындаған мерзімді өтемей, бостандықта қыдырып жүргенін көрген сол қылмыстан зардап шеккен адамдардың мүддесі ескерілмейді",- деп атап көрсетті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны