23.01.2007, 15:02 2529

Иділет министрлігі аралық соттардың қызметін жетілдіру тұжырымдамасын дайындауды жоспарлап отыр

АСТАНА. 23 қаңтар . Kazakhstan Today. Иділет министрлігі аралық соттардың қызметін жетілдіру тұжырымдамасын дайындауды жоспарлап отыр . Бұл жөнінде әділет министрі Зағипа Бәлиева кеше өткен министрліктің алқа мәжілісінде мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі

"Жаңа экономикалық қарым-қатынастардың пайда болуы , аралық соттар мен халықаралық коммерциялық төреліктердің жұмыстарын жетілдіру, оның ішінде халықаралық коммерциялық төрелік ету саласында қазақстандық мамандардың іскерлігін арттыруды көздейтін тұжырымда әзірлеу қажеттігіне негіз болып отыр",-деді З.Бәлиева.

Иділет министрінің айтуынша, "мемлекеттің мүліктік мүддесін қорғау саласында Ұлыбритания сотының шешімімен Лондонның аралық сотының 2004 жылы Қазақстан Республикасынан "Металзруссия" компаниясының пайдасына $10 млн" көлемінде айыппұл өтеуі туралы шығарған шешімінің жойылуы өткен жылдың ең басты нәтижесі. Сонымен қатар, министрдің ақпараты бойынша, қазіргі кезде халықаралық соттардың қарауында жалпы құны 600 млн$. құрайтын бес іс бар.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны