08.05.2007, 17:28 2435

Иділет министрлігі құқықтық және жер кадастрларын бір мемлекеттік органда біріктіру мәселелерін қарастыруда

АСТАНА. 8 - мамыр. Kazakhstan Today. Қазақстан Республикасының әділет министрлігі құқықтық және жер кадастрларын бір мемлекеттік органда біріктіру мәселелерін қарастыруда. Бұл туралы бүгін үкімет отырысында әділет министрі Зағипа Балиева мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Екі кадастрды әділет министрлігінің тіркеу қызметі комитетіне біріктіру қарастырылуда, деп хабарлады З. Балиева.

"Жер және құқықтық кадастрларды біріктіру туралы мәселе бұрыннан бері көтеріліп келе жатыр және бұл бүгінгі күнде айтарлықтай өзекті мәселе",- деп атап өтті министр. "Бүгінгі күнде біздің мемлекетімізде құқықтық (біртұтас) кадастр жоқ. Бұл кадастрлар тек әділет органдарының облыстық бөлімшелерінде ғана бар, бірақ, өкінішке орай біріккен құқықтық кадастр жоқ", - деді министр.

З. Балиева сондай-ақ, қазір оның басқарып отырған мекемесі Жер ресурстары жөніндегі агенттікпен бірлесіп жұмыс жүргізіп жатқандығын хабарлады. "Біз тіркеу жұмыстарын міндетті түрде тек жер телімі тіркелгеннен кейін ғана жүргізетін боламыз, және де тіркеу барысында біз кадастрлық нөмірді міндетті түрде қосамыз",- деп қосты ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны