01.09.2006, 15:03 2664

Иділет министрлігі жеке баспана тұрғызуға жер телімдерін беру жөніндегі үкіметтің қаулысына енгізілетін түзетулердің жобасын жасады

АСТАНА. 1-қыркүйек. Kazakhstan Today. Иділет министрлігі жеке баспана тұрғызуға жер телімдерін беру жөніндегі үкіметтің 2006-жылғы 1-тамыздағы қаулысына енгізілетін түзетулердің жобасын жасады, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Иділет министрлігі өз түзетулері арқылы жергілікті атқарушы билік органдарына азаматтарды араластырмай-ақ орталықтандырылған тәсілмен жылжымайтын мүлік жөніндегі орталықтар мен жер ресурстарын басқару жөніндегі агенттікке сұрау салуды ұсынады",- деп хабарлайды министрлік.

Иділет министрлігінің түсініктемесіне сәйкес, азаматтардың арасында жер телімі немесе жеке меншік баспанасы бар-жоқтығы туралы анықтама алу қажеттігі туындауға байланысты халыққа қызмет көрсету орталықтарында үлкен кезектер туындаған. "Келушілер саны бірнеше мәрте өсуге байланысты халыққа қызмет көрсету орталықтарында үлкен кезектер туындап, жалпы жұмыс ырғағына кері әсер етті",- деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Бұған қоса әділет министрлігінің хабарлауынша, азаматтар аталмыш анықтамаларды жедел алуға мұқтаж емес. "Жеке баспана тұрғызуға жер телімдерін беру жөніндегі тәртіптер уақытша сипаттағы дүние емес, азаматтардың жер алу құқығы Жер кодексінде заңдастырылған",- дейді баспасөз қызметі.

Сонымен бірге баспасөз қызметінің хабарлауынша, азаматтарға ақылы беріліп жатқан анықтамалардағы ақпарат мерзімсіз емес, оның үстіне өтініш жергілікті атқарушы билік органдарында екі айдың ішінде қаралуға тиіс.

Осыған байланысты министрлік үкіметтің 2006-жылғы 1-тамыздағы №726 қаулысына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың жобасын жасады, олар қазір мемлекеттік мекемелерде келісілуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны