13.02.2007, 16:54 2632

Иділет министрлігі жеке куәлікке бас киіммен суретке түсуге рұқсат берді

АСТАНА. 13-ақпан. Kazakhstan Today. Иділет министрлігі жеке куәлікке бас киіммен суретке түсуге рұқсат берді. Осы жөніндегі бұйрыққа министр қол қойды, деп хабарлайды мекеменің баспасөз қызметі.

"Иділет органдарының Қазақстан Республикасының тұрғындарын құжаттандыру және тіркеу ережелерін қолдануы жөніндегі нұсқамаға өзгерту енгізілді. Бұрын, онда жеке басты куәландыратын құжаттарға бас киіммен суретке түсуге рұқсат берілмейтін. Сөйтіп ендігі жерде жеке басты куәландыратын құжаттарға бас киіммен түскен суреттер қабылданатын болады", деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны