22.01.2007, 18:01 2713

Иділет министрлігі жылжымайтын мүлік құқығын тіркеуге қатысты функцияны аумақтық әділет органдарына беруді ұсынады

АСТАНА. 22-қаңтар. Kazakhstan Today. Иділет министрлігі жылжымайтын мүлік құқығын тіркеуге қатысты функцияны аумақтық әділет органдарына беруді ұсынады. Бұл туралы бүгін әділет министрлігінің алқа мәжілісінде тіркеу қызметі комитетінің төрағасының міндетін атқарушы Жанат Сейітов мәлім етті,

деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Жылжымайтын мүлік орталықтарын құрудың он жылдық тәжірибесі қозғалмайтын мүлік құқығын мемлекеттік тіркеу жүйесін реформалау қажеттілігін көрсетіп отыр",- деді Ж. Сейітов. Атап айтқанда, оның пікірінше, "жылжымайтын мүлік құқығын мемлекеттік тіркеуге қатысты функцияны іске асыруды белгіленген штат санының аясында аумақтық әділет органдарына беру" қажет.

Сонымен қатар, әділет министрлігі жылжымайтын мүлікке техникалық санақ жүргізу құқығы тек мемлекетке ғана берілуге тиіс деп санайды. Ж. Сейітов қазіргі уақытта "жылжымайтын мүлікке санақ жүргізуге қатысты қызметтің бәсекелестік ортада екендігін және мемлекет тарыпынан реттелмейтіндігін", түсіндірді. "Мемлекет осы саладағы субъектілердің заң бұзушылықтарына әсер ете алмайды",- деді ол.

Сонымен қатар, Ж. Сейітовтің пікірінше, "жылжымайтын мүлік құқығын міндетті түрде мемлекеттің тіркеуін енгізу қажет". "Жылжымайтын мүлікті келгендерге қарай тіркеу жүйесі жылжымайтын мүлік нысандары мен жылжымайтын мүлікке тіркелген құқық туралы толық және шындыққа жанасатын ақпараттың болмауына әкеп соқтырды",- деді ол.

Ж. Сейітов, аталмыш өзгертулерді енгізу үшін қазіргі уақытта парламент мәжілісінде қарауда жатқан "Жылжымайтын мүлік құқығын мемлекеттік тіркеу туралы" және "Жылжымайтын мүлік құқығын мемлекеттік тіркеу және оларға қатысты сауда-саттық мәселелері бойынша кейбір заңнамаларға өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобалары дайындалғандығын айтты.

"Заң жобаларын қабылдау жылжымайтын мүлік құқығын тіркеу саласындағы барлық проблемаларды заңдық деңгейде шешуге мүмкіндік береді",- деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны