13.01.2011, 17:42 4181

"Иділет" партиясы референдум өткізуді қолдайтындықтарын мәлім етті

"Иділет" партиясы референдум өткізуді қолдайтындықтарын мәлім етті

Алматы. 13 - қаңтар. Kazakhstan Today - Демократиялық "Иділет" партиясының саяси кеңесі президент Нұрсұлтан Назарбаевтың өкілеттіктерін 2020-шы жылдың соңына дейін ұзарту бойынша референдумды қолдау жөніндегі "Қазақстан - 2020" коалициясын құру туралы бастамаға қолдау білдіреді. Бұл туралы партияның бейсенбі күнгі мәлімдемесінде айтылады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі ҚазТАГ ақпараттық агенттігіне сілтеме жасай отырып.

"Ұлт лидері Қазақстанның барша халқын біріктіретінін және партиялық жүйеден жоғары тұрғандығын ескере отырып, біз барлық саяси партияларға, қоғамдық бірлестіктер мен үкіметтік емес ұйымдарға, "Нұр Отан" партиясының президент Нұрсұлтан Назарбаевтың өкілеттіктерін 2020-шы жылдың соңына дейін ұзарту бойынша референдумды қолдау жөніндегі жалпыұлттық"Қазақстан - 2020" коалициясын құрутуралы бастамасын қолдауды ұсынамыз", - делінген мәлімдемеде.

Құжатта айтылғандай, бүгіндері Қазақстанда "саяси көзқарастарының, әлеуметтік мәртебесінің, оның ішінде этникалық және конфессиялдық өзгешеліктеріне қарамай, азаматтардың ұлт лидерінің маңына топтасу үдерісі қарқынмен жүріп отыр". Бұл президенттің тарихи сіңірген еңбегін мойындау, сыйлауы, мемлекет басшысына деген сенімінің көрінісі.

"Қазақстанда Стратегия - 2020 қабылданған. Оны іске асыру президенттің қарқынды араласуынсыз мүмкін емес. Қазір ең бастысы - даму бағытын айқындау үшін жан-жаққа шашылмай, белгіленгендерді орындау. Президенттің сіңірген еңбегі оған орасан зор құқық береді, бірақ оған ел тағдыры үшін орасан зор жауапкершілік те жүктейді", - делінген құжатта.

Осыған байланысты, "Иділет" партиясы "Н. Назарбаев (...) экономикалық дамудың орасан зор міндетін ғана атқарып қоймай, сонымен қатар елде нақты саяси жетілдіруді де іске асыра алады".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны