12.02.2018, 20:58 4894

ҮЕҰ-дыӊ деректер базасында есепте тұрмаған ұйымдар мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстармен гранттарды ала алмайды

ҮЕҰ дерекқорына ақпарат ұсынбаған үкіметтік емес ұйымдар мемлекет тарапынан бөлінетін гранттар мен сыйлықақыларды ала алмайды және мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты алуға арналған конкурсқа да қатыса алмайды

Астана. 12 ақпан. Kazakhstan Today - ҮЕҰ дерекқорына ақпарат ұсынбаған үкіметтік емес ұйымдар мемлекет тарапынан бөлінетін гранттар мен сыйлықақыларды ала алмайды және мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты алуға арналған конкурсқа да қатыса алмайды, - деп хабарлайды ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігініӊ Азаматтық қоғам істері комитеті.

2018 жылғы 1 қаӊтардан бастап күшіне енген Қазақстан Республикасы Қаржы министрініӊ 2015 жылғы 11 желтоқсандағы №648 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру жөннідегі Ережеге енгізілген өзгерістерге сәйкес, ҮЕҰ-дыӊ деректер базасында тіркелуәлеуметтік бағдарламаларды іске асыруға бағытталған конкурсқа және (немесе) мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеӊберіндегі әлеуметтік жобаларғақатысу үшін қойылатынміндетті талапқа жатады.

Бұдан басқа, Қазақстанда гранттар мен сыйлықақыларды тағайындау арқылы үкіметтік емес ұйымдарды мемлекеттік қолдаудыӊ жаӊа формалары қолданысқа енгізілген.

Атап айтқанда, 2018 жылы гранттық қаржыландыру аясында жалпы сомасы 950 млн. теӊгені құрайтын 87 жобаны жүзеге асыру жоспарланып отыр. Алайда, ҮЕҰ деректер базасында өз қызметі туралы ақпарат ұсынбаған ұйымдар конкурстық рәсімдерге қатыса алмайды.

Осы орайда, Дін істері және азаматтық қоғам министрлігініӊ Азаматтық қоғам істері жөніндегі Комитеті үкіметтік емес ұйымдарғажыл сайын 31 наурызына дейін infonpo.kz.ақпараттық ресурсы арқылы өз қызметтері туралы қорытынды есептерін тапсыруды сұрайды. Сондай-ақ, үкіметтік емес ұйымдардыӊ деректер базасына ақпарат ұсынбау, кешіктіру, сондай-ақ жалған немесе шынайы емес ақпарат беру деректері тіркелген жағдайда әкімшілік жауапкершілік қарастырылған.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны