05.10.2011, 13:54 4525

ҰИҚ форсайт жүргізудің әдістемесі жөніндегі тренинг өткізді - баспасөз баяны

Тренингке Қазақстанда 2020 жылға дейінгі кезеңде ғылыми-технологиялық форсайттар жүргізуге қатысты жұмысқа тартылған қазақстандық сарапшылар қатысқан.

2011 жылдың 1-2 қазанында Ұлттық инновациялық қор Кореяның ғылым және технологияны жоспарлау және бағалау институтымен (KISTEP) бірлесе отрып форсайттық зерттеулер жүргізудің әдістемесі бойынша тренинг өткізді.

Тренингке Қазақстанда 2020 жылға дейінгі кезеңде ғылыми-технологиялық форсайттар жүргізуге қатысты жұмысқа тартылған қазақстандық сарапшылар қатысқан.

Тренинг барысында Кореяның ғылым және технологияны жоспарлау және бағалау институтының (KISTEP)жетекші сарапшылары еліміз үшін сындарлы технологияларды анықтау мақсатында технологиялық талдаулар жүргізу әдістемесін, сонымен қатар технологиялық жол картасын әзірлеу технологиясын ұсынды.

Қазақстандағы ғылыми-технологиялық форсайттың алғашқы қорытындылары Астана қаласында қараша айында өтетін Инновациялық форум аясында ұсынылатын болады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны