17.10.2011, 16:40 4699

ҰИҚ инновациялық менеджмент саласында мамандар даярлау жөнінде семинар өткізді - баспасөз баяны

Семинар инновациялық менеджмент, жобаларды басқару саласындағы және де инженерлік мамандықтардағы қазақстандық мамандарды даярлауға және қайта даярлау еуропалық мамандарды тарту жөніндегі бағдарлама аясында жүргізілген.

12-13 қазан күндері ҰИҚ "Еуропаға жол" атты мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру аясында "Инновациялық менеджмент саласындағы жобаларды басқару" тақырыбында семинар өткізді, деп атап көрсетілген таратылған хабарламада.

Семинар инновациялық менеджмент, жобаларды басқару саласындағы және де инженерлік мамандықтардағы қазақстандық мамандарды даярлауға және қайта даярлау еуропалық мамандарды тарту жөніндегі бағдарлама аясында жүргізілген.

Аталмыш шараға мемлекеттік органдардың, түрлі қоғамдық бірлестіктердің өкілдері, сонымен қатар жеке меншік ірі компаниялардың басшылары қатысқан. Семинарға қатысушылар отандық ғылыми-техникалық зерттеулердің бәсекеге қабілеттілігін көтеру, сонымен қатар, технологияны коммерцияландыру саласындағы қызметті одан әрі дамыту мәселелерін талқылады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны