06.01.2011, 17:15 4793

Уильям ханзаданың той бағдарламасы белгілі болды

Уильям ханзаданың той бағдарламасы белгілі болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі Сaspionet агенттігіне сілтеме жасай отырып.

Алматы. 6 - қаңтар. Kazakhstan Today - Уильям ханзаданың той бағдарламасы белгілі болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі Сaspionet агенттігіне сілтеме жасай отырып.

Агенттіктің хабарлауынша, Ұлыбританияның тақ мұрагері Уильям ханзада мен оның қалыңдығы Кейт Миддлтонның 29-ы сәуірде өтетені үйлену тойының бағдарламасы жарияланды.

Сондай-ақ, Хабар агенттігі олардың некесі Вестминистрлік аббаттыққа қиылып, артынан жас жұбайлар Лондонның орталығында күймемен жүріп, олардың құрметіне салтанатты қабылдау мен Букингем сарайында жеке түскі ас пен бал өтетіндігі туралы хабарлады. Тек бір қызығы Миддлтон ханым аббаттыққа күймемен емес, көлікпен келеді. Той алдындағы қабылдаулар мен салтанатты мерекені ұйымдастыру міндеттерін күйеу жігіт пен қалыңдықтың туған-туыстары теңдей бөліп алыпты. Ұлыбритания патшайымы Елизавета 2-і сарайда түскі ресми қабылдау өткізсе, жас жұбайлар мен олардың достарына арналған салтанатты кешкі ас пен сауық кешін әкесі Чарльз ұйымдастырады. Ал, той алдындағы қабылдаулар Кейттің ата-анасының мойнында екен. Экономистердің айтуынша, шығындарды алып тастағанның өзінде Уильям мен Кейттің үйлені тойы елге 620 миллион фунт көлемінде ақшалай пайда әкеледі. Оның тек 50 миллионы базарлықтарды сатудан түседі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны