13.02.2012, 08:59 4186

Уитни Хьюстон қайтыс болды

Оның денесі жуырда Лос-Анджелестегі ,,Беверли-Хилтон,, қонақ-үйінен табылды. Изірге "соул әншінің", неден қайтыс болғаны белгісіз болғанмен, полицейлер күшпен өлтірілген дегенді бірден жоққа шығарды.

Астана. 13-ақпан. Kazakhstan Today - АҚШ-та 48-жасына қараған шағында әйгілі америкалық әнші Уитни Хьюстон қайтыс болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Оның денесі жуырда Лос-Анджелестегі ,,Беверли-Хилтон,, қонақ-үйінен табылды. Изірге "соул әншінің", неден қайтыс болғаны белгісіз болғанмен, полицейлер күшпен өлтірілген дегенді бірден жоққа шығарды.

Ийгілі қара нәсілді Уитни Элизабет Хьюстон 1963 жылы 9-ы тамызда Нью-Джерси штанының Ист-Оранж қаласында дүниеге келген. Ол балалық шағында шіркеу хорында өлең айтып, жас кезінде танымал фотомодель болған. Хьюстон ең коп сыйлық иеленген әртіс ретінде "Гиннес" рекордттар кітабына енген. 11 жасында басталған өнер жолында Хьюстон алты "Грэмми", "билборд Мьюзик Авардтсының" 15 сыйлығын, "Американ мьюзик авардстың" 21 сыйлығын, екі "Эмми" және музыка әлеміндеге өзге де көптеген сыйлықтарға қол жеткізген. Оның әлемге тараған үнтабақтарының, сингл және бейнеклиптерінің жалпы тиражы 170 миллион данадан асқан. Оның бойтұмарына айналған атақты "Ай уилл Олвэйс лав ю" әні соңғы 25 жылдағы ең үздік 100 ән тізімінде 25 орында тұрса, махаббат жайындағы жүз әннің ең басында тұр. Инші кино актриса ретінде де біршама жетістіктерге жетті. 90 жылдың басында оль Кевин Костнермен бірге "Оққағар" фильмінде ойнады. Уитни Хьюстонның талантына табынған атақты жұлдыздар оның жақындарының қайғысына ортақтасуда.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны