06.09.2006, 18:39 3320

Ұялы байланыс қызметінің бағасы арзандауға тиіс - Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттігі

АСТАНА. 6-қыркүйек. Kazakhstan Today. Елімізде ұялы байланыс қызметінің бағасы арзандауға тиіс. Бұл туралы Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттігінің төрағасы Асқар Жұмағалиев бүгін журналистерге берген сұхбатында құлағдар етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Қазір бәсекелестікті қорғау комитеті атты уәкілетті мемлекеттік мекеме бар. Ол "Ksel" и "Kmobil" секілді нарықта үстемдік ахуалдағы операторларға қатысты лайықты шаралар қолдана алады",- деді А.Жұмағалиев.

"Бұл жұмыс босқа зая кетпей, таяу уақыттарда ұялы байланыс қызметінің бағасы арзандау оқиғасына куәгер боламыз деп сенемін. Қазір барлық баға төмендей бастады",- деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны