20.02.2015, 16:21 3824

Ұялы байланыс операторлары интерконнект ставкасын төмендету туралы келісті

ҚР ИДМ Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінде вице-министр Асқар Жұмағалиевтіӊ төрагалығымен "Кселл" АҚ, "Кар-Тел" ЖШС, "Мобайл Телеком-Сервис" ЖШС және "Алтел" ЖШС байланыс операторларыныӊ кеӊесі өтті

Астана. 20 ақпан. Kazakhstan Today - ҚР ИДМ Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінде вице-министр Асқар Жұмағалиевтіӊ төрагалығымен "Кселл" АҚ, "Кар-Тел" ЖШС, "Мобайл Телеком-Сервис" ЖШС және "Алтел" ЖШС байланыс операторларыныӊ кеӊесі өтті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Операторлар арасындағы келіссөздер нәтижесінде 2015 жылдыӊ 1 қаӊтарынан бастап интерконнект ставкасын минутына 11,10 теӊгеден 8 теӊгеге (ҚҚС-сыз) дейін төмендету туралы шешім қабылданды.

"Біз операторларға бір жерде жиналып, бір шешімге келуге мүмкіндік бердік. Нәтижесінде, интерконнект биыл 28%-ға төмендейді. Бұл ұялы байланыс қызметтері нарығындағы бәсекелестікті дамытып, абоненттердіӊ шығындарын азайтады", - деп атап өтті Асқар Жұмағалиев.

Бұдан басқа, Асқар Жұмағалиевтіӊ айтуынша, кездесу барысында операторлар 2016 жылдыӊ 1 қаӊтарынан бастап барлық ұялы операторлар үшін интерконнект ставкасын минутына (ҚҚС-сыз) 5 теӊге көлемінде бекітуге келісті.

Естеріӊізге сала кетейік, интерконнект - операторлар арасындағы желіаралық байланыс. Интерконнект ставкасы бір оператордыӊ басқа операторға өз абонентініӊ желіден тыс қоӊырау шалғанда сөйлесудіӊ әрбір минуты үшін төлейтін соманы анықтайды.

Қазақстанда интерконнект ставкасы 11 жыл бойы өзгермей, (ҚҚС-сыз) 19,98 теӊге құраған. 2010 жылдыӊ сәуірінде ҚР БАМ Байланыс және ақпараттандыру комитеті ұялы байланыс операторларына өздерініӊ тарифтік саясатын қайта қарастыруға ұсыныс жасаған соӊ, Операторлар кеӊесінде интерконнект ставкасын қайта қарастыру туралы шешім қабылданған.

2010-2012 жылдар аралығында ұялы байланыс операторларымен келісім бойынша интерконнект ставкасы 19,98 теӊгеден 15,3 теӊгеге дейін (ҚҚС-сыз) төмендетілген. 2012 жылдыӊ желтоқсанында ұялы байланыс операторлары үш жыл ішінде жыл сайын 15%-ға интерконнект ставкасын төмендету жөніндегі Меморандумға қол қойған.

Сонымен қатар, ҚР ИДМ Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитеті "Кселл" АҚ және "Кар-Тел" ЖШС интерконнект бағасына сараптама өткізген болатын. Сараптама қорытындысы бойынша операторларға 2015 жылғы 1 қаӊтардан бастап интерконнект ставкасын 11,10 теӊгеден 8,88 теӊгеге (ҚҚС-сыз) дейін төмендету қажеттілігі туралы қорытынды жіберілді.

Барлығы, 2010 - 2015 жылдар аралығында операторлар арасындағы интерконнект ставкасы 60% төмендеп, минутына (ҚҚС-сыз) 8 теӊгені құрады.

ҚР ИДМ БААК баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны