13.05.2013, 18:14 6349

Ұялы байланыс тарифтері бойынша Қазақстан 144 елдің ішінде 42-орында

"Тарифтер туралы жалпы айтатын болсақ, Қазақстандағы тарифтер өте жоғары деп айтуға болмайды. 2013 жылдың ДЭФ-ның IT есебіне сәйкес әлемнің 144 елінің ішінде біз ұялы байланыс тарифтері бойынша 42-орындамыз. Бізде тарифтер Ресейдегіге қарағанда төмен. Мысалы, өткен жылы біз аталған рейтингтің 67-орнында болдық", - деді С.Сәрсенов.

Астана. 13-мамыр. Kazakhstan Today - Илемнің 144 елінің ішінде ұялы байланыс тарифтерінің деңгейі бойынша Қазақстан 42 орында, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы ҚР көлік және коммуникация вице-министрі Сәкен Сәрсенов мәлім етті.

"Тарифтер туралы жалпы айтатын болсақ, Қазақстандағы тарифтер өте жоғары деп айтуға болмайды. 2013 жылдың ДЭФ-ның IT есебіне сәйкес әлемнің 144 елінің ішінде біз ұялы байланыс тарифтері бойынша 42-орындамыз. Бізде тарифтер Ресейдегіге қарағанда төмен. Мысалы, өткен жылы біз аталған рейтингтің 67-орнында болдық", - деді С.Сәрсенов.

Сонымен қатар, ол қазіргі уақытта Көлік және коммуникация министрлігі ұялы байланыс нарығының шамамен 80% иеленген Kcell және Beeline басым операторларының бөлшек нарығында бағаны реттеуді жүзеге асырып жатқанын хабарлады.

"Бізде 2 оператор - Kcell және Beeline басым операторлар қатарында. Ағымдағы жылы аталған операторлардың ұялы байланыс қызметтеріне бағалар сараптамасы жүргізілді, соның нәтижесінде біз оларға максималды бағаларды орта есеппен алғанда 18%-ға төмендету қажеттілігі туралы ескертулер бағыттадық. "КарТел" компаниясы Beeline сауда белгісімен шекті бағалармен келісіп, тарифтерді төмендетті, ал Kcell қазір бізбен сот процестерін жүргізіп жатыр", - деп атап өтті ККМ басшысының орынбасары.

"Айта кету керек, Тele-2 жаңа операторы тарифтерді төмендету бөлігінде үлкен өзгерістер енгізуде. Компания discount- оператор болып табылады. Бұл нарық үшін өте жақсы", - деп толықтырды С.Сәрсенов.

ComNewsResearch талдау агенттігінің мәліметінше, 2013 жылдың ақпанына Қазақстанның ең арзан операторы TELE-2 болып табылады: оператордың ұсынысы бойынша "қоржынның" орташа құны республиканың барлық облыстарында 1093,86 теңгені құрайды, бұл Қазақстан бойынша орташа көрсеткіштен (1932,26 теңге) 43%-ға төмен. Одан кейін "КаР-Тел" компаниясы Вeeline брендімен бірге: 1855,55 теңге.

Рейтингте қарастырылған операторлар ішінде ең қымбаты Kcell брендімен "Кселл" АҚ болып табылады. Оның ұялы байланыс "қоржыны" 2270,93 теңге деңгейінде тіркелген, бұл ел бойынша орташа есептен 16%-ға артық. Компанияның басқа бір бренді Activ "қоржын" құнының орташа есебінен не бары 6%-ға жоғары.

Қазіргі уақытта Қазақстанның ұялы байланыс нарығында Kcell, Beeline, Tele 2, ALtel брендтерімен 4 оператор жұмыс жасайды. Оған қоса нарықтың 80%-дан астамы Kcell және Beeline тиесілі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны