19.03.2013, 14:38 3842

Ұялы телефон арқылы Интернетке қосылатын абоненттердің саны 10 млн-нан асты

Бұл туралы бүгін үкіметтің отырысы барысында Көлік және коммуникациялар министрі Асқар Жұмағалиев мәлім етті.

Астана. 19-наурыз. Kazakhstan Today - Мобильдік технологиялар арқылы интернет қолданушы абоненттердің саны 10 млн-нан асты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы бүгін үкіметтің отырысы барысында Көлік және коммуникациялар министрі Асқар Жұмағалиев мәлім етті.

"Мобильді электрондық үкімет жөнінде айтар болсақ, ол өте маңызды болып табылады. Өйткені, бүгінгі күні мобильдік технологиялар арқылы интернет қолданушы абоненттердің саны 10 млн-нан асты. Бұл электорондық үкіметті мобильдік құралдар арқылы көпшілік арасына таратудың бір түрі болып табылады. Біз аталған қосымшаны 2012 жылдың 23 желтоқсанында Мемлекет басшысына көрсетіп, таныстырған болатынбыз. Қазір барлық электрондық қызмет түрлерін осындай мобильдік қосымшаларға көшіруді көздеп отырмыз", - деді А.Жұмағалиев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны