19.01.2009, 16:04 2893

Ұялы телефондардың ұрлығын азайтуда "Байланыс туралы" заңға енгізілген түзетулер нәтижесін бермей отыр - Нехорошев

Ұялы телефондардың ұрлығын азайтуда "Байланыс туралы" заңға енгізілген түзетулер нәтижесін бермей отыр - Нехорошев

Астана. 19 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Ұялы телефондардың ұрлығын азайтуда "Байланыс туралы" заңға енгізілген түзетулер нәтижесін бермей отыр. Бұл туралы бүгін Қазақстанда ақпараттық-телекоммуникациялық технологияларды дамыту жұмыстарының барысына арналған үкіметтік сағат барысында Қазақстан парламенті мәжілісінің депутаты Владимир Нехорошев мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Былтыр "Байланыс туралы" заңға өзгерістер енгізілді, сол кезде 1 қаңтардан бастап ұрлық тыйылады деген еді, телефондардың жұмысы шектелетіндіктен, оларды ұрлау пайдасыз болады деген-тұғын. Алайда, бүгінгі күнге дейін ол жүзеге аспай отыр. Мүдделі органдармен оның қандайбір байланысы бар ма? Біз соның арқасында қылмыстың санын азайта алар едік", - деді В. Нехорошев ҚР АБА төрағасы Қуанышбек Есекеевке арнаған сауалында.

Агенттік төрағасы заңға қараша айнда қол қойылғанын растады. Оның айтуынша, қазір Ақпараттандыру және байланыс агенттігі ҚР ІІМ-мен бірлесіп "IMEI-код мәселелері бойынша нормативтік-құқықтық базаны дайындауда".

"Меніңше, осы нормативтік-құқықтық база мен біздің ҚР ІІМ-мен бірлескен осы мәліметтер базасымен жұмыс істеу ережелері қабылданғаннан кейін ұрлықтар саны азаяды", -деді Қ. Есекеев.

"Іс жүзінде мәселе IMEI-кодтарда емес, бұл құрылымдардың бағдарламасын өзгертуге болады, сол себепті аталған нормативтік-құқықтық ережелерде осы жайт ескеріледі", - деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны