07.02.2011, 15:35 3426

Ийгілі гитарашы Гэри Мур жүрек талмасы салдарынан көз жұмды

Ийгілі гитарашы Гэри Мур жүрек талмасы салдарынан көз жұмды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Алматы. 7 - ақпан. Kazakhstan Today - Ийгілі гитарашы Гэри Мур жүрек талмасы салдарынан көз жұмды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz агенттігінің хабарлауынша, 2011 жылдың 6 ақпанында, жексенбі күні аты аңызға айналған гитарашы және рок-музыкант Гэри Мур 58 жасында қайтыс болды.

Музыкант Испаниядағы Коста-дель-Соль шипажайындағы қонақ үйде 58 жасқа қараған шағында жүрек талмасынан көз жұмды.

Гэри Мур 1952 жылы 4-ші сәуірде дүниеге келді. Сегіз жасында акустикалық гитараны меңгере бастаған.

Оның 30-дан астам альбомы бар, соңғысы 2008 жылы шыққан.

Г. Мурді білетін адамдар үшін оның өлімі қатты соққы болды. "Ол өте мықты болатын, рок оны қажытпады, ол денсаулығы мықты жігіт болатын",- деп атап өтті Г. Мурдың Thin Lizzy-дегі серіктесі гитарашы Эрик Белл.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны