17.05.2007, 17:42 2801

Үйлерін су шайып кеткен Ақтөбе облысының тұрғындарына билік өкілдері жаңа баспана салу үшін 54 млн теңге бөлді

АҚТӨБЕ. 17 - мамыр. Kazakhstan Today. Үйлерін жаңбыр суы шайып кеткен Ақтөбе облысы Ойыл ауданының тұрғындарына билік өкілдері жаңа баспана салу үшін 54 млн теңге бөлді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Ақтөбе облысының Төтенше жағдайлар және мобилизациялық дайындық жөніндегі басқарма бастығы Қайырқожа Елеусізовтың хабарлауынша, 54 үйдің құрылысына облыс әкімінің резервтегі ақшасы бөлінген. Сонымен қатар, ол зардап шеккен отбасыларға 10 мың теңге көлемінде біржолғы материалдық көмек көрсетілгендігін атап өтті.

"Сондай-ақ нөсер жаңбыр салдарынан зардап шеккен 86 тұрғын үйге ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу туралы мәселе де шешіліп жатыр",- деп қосты Қ. Елеусізов.

Ол сондай-ақ, құрылыс департаментіне жаңа үйлерді салуды мамыр айында бастау тапсырылғандығын хабарлады.

Бұрындары хабарлағанымыздай, Ақтөбе облысының Ойыл ауданының сегіз елді мекенінде 13 мен 16-шы сәуір аралығында жауған нөсер жаңбыр салдарынан 1890 - 1920 жылдары салынған 54 үй қирап қалған болатын. Тағы жүздей үй бүлінген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны