31.07.2015, 17:13 6798

UK BBOY CHAMPIONSHIPS 2015 әлем чемпионатына іріктеу және "BOOM-BOOM 2015" атты заманауи би фестивалініӊ

Баспасөз жиналысын өткізудегі мақсат БАҚ өкілдерініӊ назарына Қазақстанда алғаш рет ұйымдастырылып отырған "BOOM-BOOM 2015" атты халықаралық заманауи би фестивалі жайлы қызықты да толық қосымша ақпарат беру.

Астана. 31 Шілде. Kazakhstan Today - 3 тамыз күні сағат 15:00-де Талдықорған қаласы, Баспа үйініӊ 2-і қабатыныӊ мәжіліс залында "BOOM-BOOM 2015" атты заманауи би фестивалініӊ баспасөз жиналысы өткізіледі, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Баспасөз жиналысын өткізудегі мақсат БАҚ өкілдерініӊ назарына Қазақстанда алғаш рет ұйымдастырылып отырған "BOOM-BOOM 2015" атты халықаралық заманауи би фестивалі жайлы қызықты да толық қосымша ақпарат беру.

Қатысушылар құрамында Алматы облысыныӊ жастар саясаты мәселелері басқармасыныӊ басшысы Алпысбаев Рустам Илиұлы, Алматы облысыныӊ жастар саясаты орталығыныӊ директоры Нұрмұхамбетов Айдын Нұрмұхамбетұлы, "Arlan Family" би студиясыныӊ жетекшісі Айдын Дүйсеков және топ мүшесі Медеуов Алишер.

Баспасөз жиналысын ұйымдастырушылар Алматы облысыныӊ жастар саясаты мәселелері басқармасы, жастар саясаты орталығы, "Жас Отан" ЖҚ облыстық филиалы.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны