17.09.2007, 15:58 1362

Үкімет басшысы 1 қазанға дейін жылыту маусымына дайындық барысын талдауды тапсырды

Үкімет басшысы 1 қазанға дейін жылыту маусымына дайындық барысын талдауды тапсырды. 1 қазанға дейін өінідістік нысандар, тұрғын-үй -коммуналдық шаруашылық және әлеуметтік сала нысандарының алдағы жылыту маусымына дайындық барысын мұқият талдауды тапсырамын. Бұл жұмыстар қыс-күз маусымының басталуына дейін аяқталатын болсын", - деді Кәрім Мәсімов үкіметте бүгін өткен селекторлық жиында.

Астана. 17 қыркүйек. ""Қазақстан Бүгін" - Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов 1 қазанға дейін жылыту маусымына дайындық барысын талдауды тапсырды.

"1 қазанға дейін өінідістік нысандар, тұрғын-үй -коммуналдық шаруашылық және әлеуметтік сала нысандарының алдағы жылыту маусымына дайындық барысын мұқият талдауды тапсырамын. Бұл жұмыстар қыс-күз маусымының басталуына дейін аяқталатын болсын", - деді Кәрім Мәсімов үкіметте бүгін өткен селекторлық жиында. Осы орайда үкімет басшысы білім беру, денсаулық сақтау және тұрғын үй нысандарындағы жұмыстардың бірінші кезекте аяқтауға және оларды дер кезінде жылу көздеріне қосуға баса назар аударуды" тапсырды.

Кәрім Мәсімовтың айтуынша, "бірқатар өңірлерде нысандарды дайындау жоспарланған кестеден кешігуде". "Атырау облысында қазандықтар, жылу желілері мен су құбыры және кәріз жүйелерін дайындау қарқыны республикалық орташадан екі есе төмен. Оңтүстік Қазақстан , Шығыс Қазақстан облыстары мен Алматыда қарқын төмен", - деді премьер. Сонымен бірге, Атырау, Оңтүстік Қазақстан, Ақмола облыстары мен Алматыда көп пәтерлі үйлерді дайындау мерзімі үзілуде.

Бұған қоса Кәрім Мәсімовтың мәліметінше, "Алматы қаласы бойынша 1,5 млрд теңге, Шығыс Қазақстан облысы бойынша 810 млн теңге, Қостанай облысы бойынша - 673 млн теңге, Астанада - 885 млн теңге көлемінде коммуналдық қызмет төлемдеріне ауқымды берешек пайда болған".

Үкімет басшысы осыған байланысты энергетика және минералды ресурстар министрлігіне "қуыт өндіруші станциялардың негізгі құрпал-жабдықтарын жөндеу жұмыстарының кестесінің орындалуына тиісті бақылауды қамтамасыз етуді ", ал көлік және коммуникациялар министрлігіне "Самұрық" мемлекеттік холдингімен бірлесіп сұйық және қатты отынды тасымалдауға арналған темір жол вагондары мен цистерналарды дер кезінде бөлуді тапсырды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны