25.03.2007, 15:31 3255

Үкімет басшысы алдағы 3 жылда білім беру және денсаулық сақтау саласында 291 нысан салу шараларының жоспарын бекітетін қаулыға қол қойды

АСТАНА. 25-наурыз. Kazakhstan Today. Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов алдағы 3 жылда мемлекет пен жеке кәсіпкерліктің әріптестігі негізінде білім беру және денсаулық сақтау саласында 291 нысан салу шараларының жоспарын бекітетін қаулыға қол қойды. Бұл жайында үкімет басшысы бүгін үкіметте өткен селекторлық жиында мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Үш жылда әлеуметтік инфрақұрылымның 291 нысаны, соның ішінде 160 мектеп пен 131 денсаулық сақтау нысаны салынады. Бұл мақсатқа ұлығаусар қаржы - 226 млрд теңге жұмсалады",- деді К.Мәсімов. "Бүгін мен мемлекет пен жеке кәсіпкерліктің әріптестігі негізінде мектептер мен ауруханалар салу шараларының жоспарын бекітетін қаулыға қол қойдым. Бірақ, айтылатын ескертулерді ескере отырып оған түзетулер енгізуге болады",- деді ол. "Нысандардың тізімі толық жасалған соң біз тағы бір рет кеңес өткізіп, осыдан кейін мемлекет басшысына біз оның тапсырмасын қалай орындағалы жатқанымызды хабарлайтын боламыз",- деді премьер-министр.

Оның пікірінше, өңір әкімдері мен үкімет "осы ауруханалар мен мектептерді кәсіби мамандармен қамтамасыз етуге тиіс". "Сол себепті әкімдер осы мектептер мен ауруханаларға мұғалімдер мен дәрігерлерлі қайдан табамыз дегенді ойластыруға тиіс. Жобалар әлемдік стандартқа сәйкес жасалатындақтан, мамандардан тиісті кәсіби шеберлік талап етіледі. Осымен біруақытта қаржы министрлігі, индустрия және сауда министрлігі мен "Қазына" тұрғынүй құрылысына арналған жинақ ақша бағдарламасын дәйектеп, әлгі мамандардың қайда тұратындығы жөніндегі мәселені шешуге тиіс. Мамандардың бәрі де далада қалмауға тиіс",- деді үкімет басшысы.

Сонымен бірге, К.Мәсімовтың айтуынша, бюджеттік кодекс пен концессия туралы заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу мүмкіндігін қарастырып, мектептер мен денсаулық сақтау нысандарының әлемдік стандартқа сәйкес бір үлгідегі жобаларын жасау қажет.

Өз кезегінде еліміздің экономика және бюджетті жоспарлау вице-министрі Бердібек Сапарбаев "бірінші кезекте аталған мамандарды асырау шығындарын нақтылау" қажеттігін атап өтті. Ол сонымен бірге мектептер мен денсаулық сақтау нысандарының бір үлгідегі (типті) жобаларын жасауға "тек қазақстандық ұйымдар ғана қатыспау үшін халықаралық байқау жарияланады". Б.Сапарбаев "жаңа мектептерді салу арқылы республиканың бірқатар өңірлеріндегі үш ауысыммен оқу жайттары жойылады", деп атап өтті.

"Қазіргі таңда елімізде үш ауысыммен оқытатын мектептердің саны 115. Олардың басым бөлігі Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстарында",- деді ол. Оның айтуынша, үкімет алдағы үш жылда салуды жоспарлап отырған 160 мектептің "102 нысаны бойынша құрылыс жұмыстары жаңадан басталса, 58 мектептің құрылысы 2004-2005-жылдарда басталған". "Денсаулық сақтау нысандарының 100-і жаңа нысандар болса, 31-і бұрын салына бастаған",- деді вице-министр.

Оның айтуынша, осы жоба аясында үкімет 300-1200 балаға есептелген ірі мектептер салуға назар шоғырландырмақшы. "Бізге сонымен бірге осы жобаларды жүзеге асырумен шұғылданатын жаңа акционерлік қоғам құру қажет. Өйткені, президент бұл нысандарды мемлекет пен жеке кәсіпкерлік саласының әріптестігі негізінде салуды тапсырып отыр",- деді Б.Сапарбаев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны