27.03.2007, 12:45 3078

Үкімет басшысы білім және ғылым министрлігі мен ҚР ақпараттандыру агенттігіне 1-қыркүйекте еліміздің барлық мектептерінде интерактивті ашық сабақ өткізуге дайындалуды тапсырды

АСТАНА. 27-наурыз. Kazakhstan Today. Қазақстан Республикасының премьер-министрі Кәрім Мәсімов білім және ғылым министрлігі мен ҚР ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттігіне еліміздің барлық мектептерінде 1-қыркүйекте бір уақытта интерактивті ашық сабақ өткізуге дайындалуды тапсырды. Бұл туралы ол бүгін үкімет отырысында мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі мен ҚР ақпараттандыру және байланыс агенттігіне біз Қазақстанның барлық мектептерінде үстіміздегі жылдың 1-қыркүйегінде бір уақытта Астанадан спутниктік және жер үсті байланыстарды қоса отырып, электронды байланыс құралдары арқылы интерактивті ашық сабақ өткізуге дайындалуды тапсырамын",- деді Кәрім Мәсімов.

Білім және ғылым министрі Жансейіт Түймебаевтің сөздеріне сүйенсек, қазіргі уақытта еліміздегі мектептердің 90 пайызы Интернетке қосылған. Бірақ, оның айтуынша, олардың жартысынан астамында байланыс сапасыз.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны