Система Orphus

Үкімет басшысы Қоршаған ортаны қорғау министрлігіне трансшекаралық өзендер бойынша келіссөздерді қарқындандыруды тапсырды

20.01.2010, 15:19 3632

Астана. 20 қаңтар. Kazakhstan Today - Қазақстан үкімет басшысы Қоршаған ортаны қорғау министрлігіне трансшекаралық өзендер бойынша келіссөздерді қарқындандыруды тапсырды. Бұл туралы бүгін Кәрім Мәсімов ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігінде өткен алқа мәжілісінде тапсырма берді, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Сіздер мемлекет басшысының тапсырамларын орындап, Қытаймен арадағы трансшекаралық өзендерге қатысты барлық келіссөздерді жүргізуге тиіссіздер. Бұл -аса күрделі мәселе", - деді Кәрім Мәсімов. Ол осы орайда Ресеймен арадағы келіссөздерді де жандандыру қажеттігін атап өтті.

"Бұл мәселелермен айналысып, әріптестермен кездесу қажет. Егер олар осы деңгейде шешілмесе, бұл мәселені менің деңгейіме, сосын мемлекет басшысының деңгейіне дейін көтеру қажет", - деді Кәрім Мәсімов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

При использовании информации, гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.

Комментарии

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны