13.02.2007, 15:27 3019

Үкімет басшысы Оңтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапарымен бармақ - әкімшілік

ШЫМКЕНТ. 13-ақпан. Kazakhstan Today. Қазақстан Республикасының премьер-министрі сәрсенбі күні Оңтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапарымен бармақ. Бұл туралы Kazakhstan Today агенттігінің тілшісіне облыс әкімшілігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Жұмыс сапарының бағдарламасына сәйкес, үкімет басшысы Оңтүстік Қазақстан облысына бара салысымен Шымкент әуежайын дамыту бағдарламасымен танысады.

Одан кейін, премьер-министр "ПетроҚазақстан Ойл Продактс" ЖШС барады. Икімшіліктің баспасөз қызметінен хабарлағандай, К. Мәсімов сапарын "Оңтүстік" еркін экономикалық аймағында жалғастырып, "Атамекен" республикалық кәсіпкерлер одағының Оңтүстік Қазақстандық бөлімшесінің өкілдерімен кездеспек.

Сонымен қатар, К. Мәсімов "Карданвал" АҚ, "Меланж" АҚ мен "Химфарм" АҚ-ның кәсіпорындарына бармақ ниетте. Сондай-ақ, үкімет басшысы Шымкенттің жаңа әкімшілік орталығы құрылысының тұсаукесеріне қатысады деп күтілуде.

Премьер-министрдің сапары қалалық жұқпалы аурулар ауруханасында жалғасын таппақ, онда облыстық денсаулық сақтау департаментінің директоры Вячеслав Дудник үкімет басшысын ВИЧ індетін жұқтырған балаларды сауықтыруға қатысты жүргізіліп жатқан шаралармен таныстырады.

Кешке премьер-министр Астанаға қайтады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны