23.04.2007, 17:25 3427

Үкімет басшысы тәжірибе ретінде Астанада бірыңғай SOS нөмірін енгізуді ұсынды

АСТАНА. 23-сәуір. Kazakhstan Today. Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов тәжірибе ретінде Астанада бірыңғай шұғыл шақыру нөмірін енгізуді ұсынды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Жалпы Қазақстан бойынша бірден жасау біз үшін қиынға түседі, сондықтан да аммерикандық "911" сияқты бірыңғай нөмірді тәжірибе ретінде Астанада енгізіп көрсек",- деген ұсыныс жасады премьер-министр астанадағы құрылыс жөніндегі мемлекеттік комиссия отырысының барысында.

Үкімет басшысы Астана әкіміне Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар министрлгімен және де Ақпараттану және байланыс агенттігімен "егжей-тегжейін" келісіп, "нөмірді ұйымдастыруға" тапсырма берді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны