14.05.2007, 18:56 2730

Үкімет басшысы үкіметке Жамбыл станциясын бүтін жыл бойы жұмыс істеу тәртібіне көшіру мүмкіндігін қарастыруды тапсырды

АСТАНА. 14 - мамыр. Kazakhstan Today. Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов үкіметке Жамбыл мемлекеттік аудандық электр станциясын бүтін жыл бойы жұмыс істеу тәртібіне көшіру мүмкіндігін қарастыруды және екі-үш күн ішінде осы мәселе бойынша шешім қабылдауды тапсырды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Мен вице-премьер Аслан Мусинге осы мәселені жақын күндері талдауды тапсырамын. Біз барлық талқылауларды, соның ішінде бюджеттік талқылауларды ескере отырып, екі-үш күн ішінде қандай да бір шешімге табан тіреуіміз қажет",- деді К. Мәсімов бүгін үкіметтің селекторлық кеңесінде.

Жамбыл облысының әкімі Бөрібай Жексембиннің пайымдауынша, станция бүтін жыл бойы жұмыс істеу тәртібіне маусымның ортасынан шілденің ортасында көшірілуі мүмкін. "Жамбыл мемлекеттік аудандық электр станциясында өндірілетін электр қуаты мен оны оңтүстік аймақтардағы тұтынушыларға, атап айтқанда Алматыдан Қызылордаға дейін тасымалдау шығынын есептегенде, соңғы баға 6,2 теңгеден 7,5 теңгеге дейін ауытқиды. Біз бүгінде тұрғындар мұндай тарифке үйреніп қалған деп санаймыз, сондықтан да біз энергетика министрлігімен бірлесе отырып, есепті нақтылап және станция жұмысын толығымен қосымша ақшалай көмексіз бүтін жыл бойы жұмыс істеу тәртібіне көшіруге дайынбыз",- деді аймақ басшысы.

"KEGOC" АҚ президенті Қанат Бозымбаев өз кезегінде, мұндай қымбаттау "тарифке өткен кезеңдегі қарыздарды қосу есебінен болатындығын" түсіндіріп өтті. "Өткен кезеңдегі қарыздарға қатысты мәселені шешу қажет, немесе бүгін бұл мәселеге нүкте қойып, өткен жылғы 2 млрд теңге мен алдыңғы жылғы 85 млрд жуық теңгеге қатысты мәселені қандай да бір жолмен экономика министрлігі шешеді деу керек"

,- деп санайды Қ. Бозымбаев. Оның пайымдауынша, мәселе осындай шешім тапқан жағдайда станция үстемесіз жұмыс істей алады, ал "Жамбыл МАЭС нарықтағы тарифі 3,5 теңгеден сәл ғана асып жығылады".

Энергетика және минералды ресурстар вице-министрі Алмасадам Сатқалиевтың пікірінше, "Жамбыл станциясындағы жағдай айтарлықтай күрделі және 6,2 - 7 теңге көлеміндегі тарифтер кейбір аймақтар үшін қымбат баға болып табылады".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны